18.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Жанарбек Әшімжан: «Қазір мұғалімдер балалардан қорқады»

Бұрын мұғалімдерден қорқушы едік,қазір мұғалімдер балалардан қорқады.Мәжілісте талқыланған «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты депутат Жанарбек Әшімжан пікірін білдірді.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

«Кезінде аталарымыз мектепке алып барар кезінде «Еті сенікі,сүйегі менікі»-деп беретін.Қазір қарап отырсаң,бүкіл ел жалаңаштанған ұлттық тәрбиеміз де,қоғамымыз да.

Бірақ,тиісті деңгейде өзіміздің ұлттық ұстанымымыз бар,ұлттық тәрбиеміз бар.Осы орайда бүкіл құқықтың барлығын сол балаларға беріп,жалаңаштанып жатқан жоқпыз ба?

Әріптесім айтып жатыр,өткен жолы баласы әкесіне «Егер маған артық бір ауыз сөйлейтін болсаң,сотқа беремін!»,-деген екен.Әкеде қас-қабағы деген бар.Енді қоғам болған соң әртүрлі тәрбиедегі балалар бар.

Бірақ, біз мына заңның ішінде кейбір жағдайларда отбасы құндылығы,ұлт тәрбиесі дегенді қаншалықты қарастырдық?Жұлдыз Досбергенқызына осыны айтқым келеді.Осының ішінде біз ұлттық бет-бейнемізді,ұлттық сипатымызды жоғалтып жатырған жоқпыз ба?Батыстық бағытқа,батыс халықаралық қауымдастықтың әлемге жүргізіп жатырған диктаттарының сипаттары байқалатын сияқты.»,- деді депутат.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан ІІМ-гі шет елдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ақпараттық технологияларды қолданысқа енгізді

admin_qazyr

Қазақстан үш елде жүк терминалын салуды жоспарлап отыр

admin_qazyr

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы дінге қатысты жазбасынан кейін,әлдекімдер қорқытып жатырғандығын айтты

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz