Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Картоптан жасалатын 8 түрлі тағам

1.ФАРШТАЛҒАН КАРТОП «ТУРША»

Қажетті заттар:
— 5 шт үлкен картоп
— 250 гр фарш
— жарты жұмыртқа
— 2 шт пияз
— 1 сәбіз
— 1,5 ас қасық томат пастасы
— 2-3 ас қасық сұйық май
— 3 тіс сарымсақ
— тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш
1. Картопты тазалап, ортасын алып тастаймыз.
2. Фаршка жұмыртқа қосып, тұздап, бұрыштап, жақсылап араластырып, картопты толтырамыз.
3. Фаршталған картопты кастрюлге салып, ыстық су құйып, баяу отқа пісіреміз.
4. Осы уақытта майда туралған пияз бен сәбізді сұйық май және томатпен қуырып, қайнап тұрған картопқа салып, бұқтырамыз.
5. Картоп піскенде аскөкпен дастарқанға ұсынамыз.

2. ДУХОВКАДА ПІСКЕН ДӘМДІ КАРТОФЕЛЬ-ФРИ

Қажетті заттар:
— 8 үлкен картоп
— 2 жұмыртқа ақуызы
— бір ыдысқа дәмдеуіштер (паприка, Чили, кара бұрыш, итальян дәмдеуіштері)
— зәйтүн майы
Картопты суреттегіндей тураймыз.
Жұмыртқа ақуызын жақсылап шайқап, картоптардын үстіне қуямыз.
Оның үстіне дәмдеуіштерді салып, жақсылап араластырамыз.
Духовкада 220 градуста 40 минут пісіріп аламыз. Әр 7-10 минут сайын араластырып тұру қажет.
Картофель-фри дайын.

3. САРЫМСАҚПЕН КАРТОП
(Ммм, өте дәмді)

Қажетті заттар:
— 5-6 шт орташа картоп
— 100 гр жұмсақ сары май
— 5 ас қасық тёркадан өткізілген пармезан (ірімшік)
— 1 ас қасық қаймақ
— 3 тіс сарымсақ (чеснодавилкамен еземіз)
— 3 ас қасық майдаланып туралған ақжелкен (петрушка)
1. Картопты жақсылап жуамыз. Сосын қабығын аршымай кастрюлге салып, картоп бойынан сәл асырып, су құйып, картопты қайнатамыз. (Картопты аса қайнатып жібермейміз). Қайнап болғанда суын төгіп тастаймыз. Құрғатамыз.
2. Сарымсақ салмасын жасаймыз. Қалған заттарды араластамыз, қызыл бұрыш (қаласаңыз тұз қосуға да болады) қосамыз.
3. Картопты суреттегіндей кесіп, бетіңе сарымсақ қоспасын жағып, майланған формаға қоямыз.
4. 250 градуста 10-15 минут пісіріп аламыз. Өте дәмді картоп дайын.

4. САРЫМСАҚТЫ СОУСТА ПІСКЕН КАРТОП

Алдымен 5 үлкен картопты алып, таза жуамыз. Қабығын ашымастан су құйып, қайнатамыз. Суытып, қабығын тазалаймыз. Картоп қайнағанша сарымсақты соус дайындаймыз.
Қажетті заттар:
-1 ас қасық қаймақ
— 4 тіс сарымсақ
— жарты бума ақжелкен
— 100 гр сары май
— 50 гр ірімшік
— тұз, бұрыш
Майды бір ыдысқа салып, үстіне сарымсақ пен ақжелкенді майдалап саламыз. Ірімшікті майда тёркадан өткізіп саламыз. Қаймақты қосып, тұздап, бұрыштап, жақсылап араластырамыз. Соус дайын.
Майланған формаға ортасынан бөліп картопты салып, үстіне соусты салып, 220 градуста дайын болғанға дейін пісіреміз.
Бұл тағамды гарнир ретінде немесе күнделікті ас ретінде қолдануға болады.

5. ЖЫЛДАМ ДАЙЫН БОЛАТЫН КАРТОП ТАҒАМЫ

Бізге керегі:
— 3-4 картоп
— 3 жұмыртқа
— тұз, бұрыш
1. Картопты тазалап, жуып, үккіштен өткізіп аламыз.
2. Сосын оған жұмыртқа, тұз, бұрыш қосып, әбден араластырамыз.
3. Табаны ең аз мөлшердегі отқа қойып, оладьиға құйғандай май құйып, картопты блины секілді жайып салып, асықпай екі жағың қызартып пісіреміз.
Дайын картоптын дәмі қуырылған картоп секілді болады, бірақ өте дәмді болады.
Дастарқанға майонез, кетчуп немесе қаймақпен жылы күйінде ұсынамыз.

6. БОЛГАР БҰРЫШЫМЕН ДАЙЫНДАЛҒАН АЩЫ КАРТОП

Бізге керегі:
— 1,5 кг картоп
— 2 шт болгар бұрышы
— 1-2 шт пияз
— 2-3 тіс сарымсақ
— 1 ас қасық алма сірке суы
— 0,5 шәй қасық Чили бұрышы
— 1 шәй қасық паприка
— 1 шәй қасық тмина
— 4-5 ас қасық зәйтүн майы
— тұз, бұрыш
— ақжелкен
1. Картопты тазалап, қайнатып, тураймыз.
Болгар бұрышы мен пияды орташа көлемде төртбұрыштап тураймыз. Ақжелкен мен сарымсақты майдалап тураймыз.
2. Табаға май құйып, картопты қызара бастағанға дейін қуырамыз. Сосын пияз қосып, тағы аздап қуырамыз. Сосын болгар бұрышы мен сарымсақ, чили, уксус, тмин., қара бұрыш, тұз, паприканы қосып, тағы 7 минуттай қуырып аламыз. Картоп дайын.
Дастарқанға ақжелкен сеуіп ұсынамыз.

7. СОСИСКА МЕН КАРТОПТАН ЗАПЕКАНКА

Бізге керегі:
— 0,5 кг картоп
— 1 жұмыртқа
— томат
— 4 сосиска
— үккіштен өткен ірімшік
— аскөк
1. Картоп езбесін жасап, тұздап, жұмыртқа қосып араластырамыз. Сосын майланған формаға тегістеп саламыз.
2. Сосын пюре бетіне жұқалап томат пастасын жағып шығамыз.
3. Оның үстіне сосискаларды қойып шығамыз, сосын бетіне ірімшік себеміз.
4. Пешті 180 градусқа қыздырып, 15 минут пісіріп аламыз.
Дастарқанға дайын запеканканы аскөк сеуіп ұсынамыз.

8. КАРТОПТАН МИНИ РУЛЕТ

Қажетті заттар:
— 500-600 гр картоп
— 1 шикі жұмыртқа
— 100-150 гр ұн
— 500 гр фарш
— сұйық май
1. Картопты қабығымен қайнатып, тазалап, тёркадан өткіземіз.
2. Оған тұз, қара бұрыш, жұмыртқа, ұн қосып, араластырамыз. Қамыр секілді болады.
3. Фаршка тұз, бұрыш, дәмдеуіштер және бір ас қасық суық су немесе қаймақ қосып, араластырамыз.
4. Қамырды бөліктерге бөліп, жайып, арасына фарш салып, жақсылап орап, қызарғанға дейін екі жағын аударып, қуырамыз.
5. Одан кейін мини рулеттерді формаға салып, 200 градуста 15-20 минут пісіріп аламыз.Дайын!

Ұқсас жаңалықтар

Ашқарақтықты қалай емдеуге болады?

redaktor_qazyr

Қалаған сомаңды жинаудың 25 жолы

redaktor_qazyr

Ең пайдалы жеміс анықталды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz