Qazyr.kz порталы
Әлем

Cарапшылар: Ресей 2026 жылы соғысты жеңіспен аяқтамақ

«Ресей 2026 жылы соғысты жеңіспен аяқтамақ»,-бұл туралы QAZYR.KZ Mezgil.kz— ке сілтеп хабарлайды.

Ұлыбританиядағы RUSI немесе Royal United Services Institute for Defence and Security Studies (Қорғаныс саласының біріккен зерттеу институты) сарапшылары Ресейдің Украина соғысына қатысты жоспарын талқылап, Мәскеу 2024 жылы Киевті майдан даласында әлсірету, ал 2025-2026 жылдары толық басып алу операцияларын іске асыруды ойластырғанын жазды.

Сарапшылар Ресейдің Украина даласында көптеген сәтсіздікке ұшырағанын жаза отырып, қазіргі сәтте сол сәтсіздіктерге байланысты және Украинаның 2023 жылғы сәтсіз қарымта шабуылына байланысты жаңа әрі нақты жоспар құрғанын айтты. Ресейдің қарулы күштері жайлы сарапшы Джек Уотлинг пен Ник Рейнолдстың пікірінше Кремльдің соғысқа қатысты нақты жоспары дайын және ол үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде 2024 жылдан бастап Ресей әскері Украинада жан-жақтан шабуылды күшейтіп, майдан даласындағы қысымды арттыра түседі. Бұл Киевті кадрлық резервінен айыру және қару тапшылығын арттыру үшін жасалған тактика.

Екінші кезеңде Ресейдің арнайы күштері Украинаны қолдайтын Батыс елдерін Киевті қолдауын азайту үшін түрлі ақпараттар мен мақалалар, видеолар шығарып, Батыс қоғамының украин халқын қолдауын азайтуға тырысады.

Аталмыш екі кезеңді іске асырғаннан кейін, үшінші кезеңде Мәскеу Украинада жаппай шабуылға шығып, Киевті Ресей шартына көндіріп, капитуляцияға қол қойдырмақ. Сарапшылар Ресейдің бұл жоспарына сәйкес Ресей әскері 2026 жылы Украина соғысын жеңіспен аяқтауы тиіс.

RUSI сарапшылары Ресей әскері үлкен шығынға ұшырауына қарамастан жыл өткен сайын Украина аумағындағы саны артып келеді дейді. 2022 жылы Ресей Украинада ресми 170 мың әскерінің барын айтса, 2024 жылы олардың саны 470 мың адамға жеткен.

Ресейлік әскери өндіріс саласы да әлі екі-үш жылға жуық үздіксіз соғыс жүргізуге қабылетті дейді сарапшылар. Ресей снаряд және зымыран қорын Солтүстік Корея мен Иран арқылы толтыра білді, ал Ресей зымырандарына қажетті чиптерді санкцияны айналып өтетін қара нарық арқылы алуда.

Ресей Украина жерінде 3000 танкісін жоғалтса да, әлі танк қоры Украинадан 3 есе көп дейді мамандар. Алайда Ресейдің танк шығару мүмкіндігі екі-үш жылда еселеп азаймақ, өйткені қазіргі шығарылып жатқан танктер жаңа үлгі емес, 1970-80 жылғы модернизацияланған танктер саналады. The Military Balance ақпаратынша Ресей ескі танктерді модернизациялау арқылы шабуыл потенциалын түсіріп алмауды ойлауда.

Ресей әскері снаряд алуды Солтүстік Корея мен Иран арқылы іске асыруда. Беларусь пен Сириядан да алуға тырысуда. Дамаск Ресейге снаряд жеткізуге қабілетсіз, алайда гильза жеткізу жолға қойылған дейді сарапшы Уотлинг пен Рейнолдс. 2024 жылы Ресей әскері Иран мен КХДР-ден алған снарядтар арқылы үздіксіз атыс жүргізуге мүмкіндік алды, алайда бұл 2024 жылдың соңына дейін жетеді. Ал 2025 жылға Иран мен Солтүстік Корея снаряд беруі екіталай деген ойда, себебі аталмыш елдердің қоймаларында снаряд қоры ортайып қалған.

Сарапшылар Ресей әскері 2026 жылға дейін Украинаны тізе бүктіре алмаса, ал Батыстың Украинаны қолдауы артса, онда Мәскеудің бұл соғыста жеңу перспективасы азая түсетінін болжады.

Ұқсас жаңалықтар

Оңтүстік Африкада қар жауып,1 адам қайтыс болды

redaktor_qazyr

Қуырылған тастан жасалған тағам

redaktor_qazyr

Алдағы 3-4 айда үшінші дүниежүзішік соғыс басталып кетуі мүмкін- Дональд Трамп

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz