Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Тоқаев: «Әйелдер ер адамдармен салыстырғанда, жемқорлыққа бейім емес»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік аппараттағы әйелдердің үлесі 55 пайызға жуықтағанымен, басшылық құрамда бұл көрсеткіш 39 пайыздан аспайды.

 

«Біріншіден, ер адамдар ренжімесін, әйелдер жұмысқа өте мұқият, тиянақты қарайды. Ер адамдармен салыстырғанда, жемқорлық әрекеттерге бейім емес. Саяси қызметкерлер арасында да елеулі теңсіздік байқалады. Олардың қатарындағы әйелдердің саны 10 пайызға жетпейді. Мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесіне қатысты да диспропорция бар. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санын көбейту керек. Олардың, әсіресе, басшылық құрамда қызмет етуіне барынша мүмкіндік берген жөн», – деді Тоқаев Президенттік жастар кадрлық резервінің форумында.

Ұқсас жаңалықтар

Су саласындағы қазақстандық мамандар қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында венгриялық жоғары оқу орнының дипломын ала алады

admin_qazyr

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі хиджаб кию мәселесіне жауап берді

redaktor_qazyr

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz