Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Алтын және күміс алқалы аналарға 1 реттік төлем жасалады

Шымкент қаласының әкімдігі 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай, көпбалалы аналарға бір реттік қаржылай көмек беріледі.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп QAZYR.KZ хабарлайды.

2019 жылдан бері қала мәслихатының шешімі негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілері иегерлеріне жыл сайын бір реттік әлеуметтік төлем төленеді. Қазір қаламызда 64 134 көпбалалы ана бар, оның ішінде 12 608-і «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері. Жергілікті бюджеттен бір реттік төлем аталған санаттағы аналарға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 18 460 теңгеден төленеді.»,-делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда 61 жылдық тарихы бар мектепке жаңа ғимарат салынады

admin_qazyr

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Өскеменде оқушыларға гидроэнергетика саласы таныстырылды

admin_qazyr

Осы оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz