Qazyr.kz порталы
Қазір

Мұқаев: Жай ғана еден жуушы болып жұмысқа орналасу үшін 500 мың теңге сұрайды

QAZYR.KZ: Парламент Мәжілісінде өткен жиында депутат Дәулет Мұқаев «Тіпті еден жуушы болып жұмысқа тұрғызу үшін пара сұрайды» деген мәселені қозғады.

«Әсіресе Қызылордадан, Шымкенттен маған көп хат жазады. Жай ғана еден жуушы болып жұмысқа орналасу үшін 500 мың теңге сұрайды. Мұғалімдердің ставкасы миллион, миллион жарым болып кеткен мысалға. Мұндай хаттар өте көп. Осындай хаттар келген кезде антикорға хабарласыңыз деймін. 1424 деген номерін де беремін. Енді сол 1424 деген номердегі алгоритм қалай жүреді? Мен дәлеліңіз бар ма деп сұраймын, бар дейді. Аудио, видеосы да бар шығар. Көп адам «ертең менің басыма бәле болады» деп қорықады. Одан кейін қазір жемқорлық туралы хабар бергендерге де сыйақы береді ғой. Оның да жүзеге асу алгоритмы қандай? Ақыры сіздер жемқорлықпен күресе алмасаңыздар біз болып, халық болып, белсенділер болып өзіміз күресейік», -деді Дәулет Мұқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілінен.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтастық 21 жастағы жас жігітті өлімге итермелеген кімдер?

redaktor_qazyr

Журналисттің міндеттері

redaktor_qazyr

«Көршім арызданды»Өскеменде көлігін ұзақ қыздырған үш адам айыппұл төледі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz