Qazyr.kz порталы
Қоғам

Монтайтас ауылының 2024 жылғы Ораза кестесі

Рамазан айы

Рамазан — Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы
Рамазан — айының ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де, киелісі.
Рамазан — ақ пен қараны ажыратып тура жолды көрсетуші, «Құран» атты ұлық пәрмен жерге түсе бастаған мүбарак ай
Рамазан — құлдық шын ықыласпен тәубаға келіп, Ұлы жаратушысына қайта бет бұру заманы
Рамазан — Хақ Тағаланың мейірім шапағаты ерекше асып-тасатын айрықша ай
Рамазан — пенделік пен қылықтардан мейлінше арылып, рухани барынша кемелденіп, ішіп-жеуден уақытша болса да тыйылып, періштеге ұқсап бағудың табылмас сәті
Рамазан — он бір ай бойы кір шалып, тот басуға аз қалған рух пен жүректің қайта тазарып, кемелденуі үшін Құдай Тағаланың арнайы бекітілген киелі бағдарламасы
Рамазан — атойлаған нәпсіге тойтарыс беріп, оған қыл бұрау сала ауыздықтау айы
Рамазан — қара ниетті *айтанның ауыз бекіткен адам баласын азғыруда амалы құрып, кері шегінетін айбарлы айы. Мұхаммед Саллолаху Алейхи Саллам пайғамбарымыз: «Рамазан айы келгенде жаннаттың есіктері айқара ашылып, тозақтың есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді!»- деуі, бұл айда шайтан атаулының көксегеніне жете алмай, дымы құритынын білдіреді.
Рамазан — Хақ Тағалаға барынша жақындау үшін күллі қам-қарекетін, күш-қайратын салатын ұлы майданы
Рамазан — сексен үш жылдың сауабына тең келер қасиетті «Қадыр түні» бар берекелі ай.
Жақындап келе жатқан РАМАЗАН АЙЫ — МҮБАРАК БОЛСЫН БАРША МҰСЫЛМАНДАРҒА! Ораза ұстаған, Тарауих намазын орындаған барша мұсылман-қауымның дұға-тілектері қабыл болсын!

Авторы: Қайрат Жолдыбайұлы
Дайындаған: Мәдиән-Бану Қуаныш

Ұқсас жаңалықтар

Саудагер

redaktor_qazyr

Биыл оқушылар 1 тоқсанда 10 күн демалады

redaktor_qazyr

Түркістан облысындағы көп балалы әке Атырауға көмекке кетіп,қайта оралмады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz