Qazyr.kz порталы
Саясат

Елтаңбаны ешкі деп жүргендерді есті деп айта аламыз ба?

«Қазақ Елінің деп айтайыншы, Қазақстан Республикасы болса да, қазіргі қолданысындағы жүрген Елтаңбамызды өзгерту туралы әлдебір ұсыныс түсіпті. Оны қатты, қызу қолдап жатқандар жоғарыдағы билік басындағылар арасында өте көп болса керек. Елтаңба ұнамайтын көрінеді.»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ Minber.kz-ке сілтеп.

Ондағы уәждері: Елтаңба өте күрделі, түсініксіз, қимыжық. Елтаңбадағы мифтік екі мүйізді ат, ат емес ешкі сияқты. Маңдайдағы жұлдызы жұлдыз емес, санаға сіңіп қалған сәбеттік идеологияның сарқыны.

Ал осындай «кемістікпен» осы Елтаңбаны халық қалаулылары депутаттар 1992 жылы ресми түрдебір ауыздан қабылдап «Бұл – Ұлы дала көшпенділері айырықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы» деп тасқа қашап жазған-ды.

Ел болып қуанған, ел болып қуаттаған. Өйткені бұл Елтаңбаның ұлттық рухы басымдығымен қатар пәлсапалық ойы ерен, түйсігі тұңғиықтан тартқан терең, тексіздің өресі жете бермейтін, қабылет ұшқырлығы ғарышпен астасқан, ескі мен жаңаны тылсымдық күшпен ұштастыра білген, кемелді болашаққа аңсары айқын мағынасы аса бай Елтаңба еді!

Сондықтан да Елтаңбаны ешкі деп жүргендерді есті деп айта аламыз ба?
Сол жылдары жазған мына өлеңмен сөзімді доғарамын!

Елтаңба

Дүние әлем көзіндей,
дөңгеленген жамалы.
Ел-жерімнің қоғаны —
кереге-қанат қамалы.

Зеңгір көктің төрінде,
Шаңырақ – күн, уық – нұр.
Мәңгі сөнбесс күйінде,
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.

Қуат отын қоздатқан,
Қос қанатты пырағы.
Хас тұғырға қондырған –
«Қазақстан» – Ұраны!

Тұлғасында түзілген,
тағы қаным, діл, арым!
Төріме іліп,
Төсіме,
Тағып жүрер Тұмарым!

 

Автор: Б.Бақытбек

Ұқсас жаңалықтар

6 қазанда АЭС салу бойынша референдум өтеді

redaktor_qazyr

Мен биліке келсем,Украина көмек күтпесін — Дональд Трамп

redaktor_qazyr

Миттал Қазақстанды сабасына тез түсірді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz