Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғамПайдалы кеңестерРуханият

Адам неге өз-өзіне қол жұмсайды?

Адамзат баласының өз-өзіне қол жұмсап өлтіруін ғылыми тілде суицид деп атайды. Суицид дегеніміз – бұл саналы түрде өмір сүруді тоқтату, яғни осы тұрғыдан қарағанда өзіне-өзі қол жұмсау адамның мінез-құлық актісі болып табылады. Адам өмірінің ең басты құндылығы тіршілік. Өмірге бір күннің ішінде мыңдаған адам келіп жатса, мыңдаған адам бақилық болып жатады. Көптеген адамдар талқаны таусылып Жаратушы қалауымен өмірімен озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама? Әлемді алаңдатып отырған осы мәселе соңғы жылдары өршіп келеді. Қазіргі таңда қанды қылмыс пен соғысқа қарағанда, әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өмірден өтетіндер саны көп екен.

Бұл қауіпті құбылыстың біздің еліміздегі көрінісі де көңіл қуантарлықтай емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулері нәтижесіне сүйенсек, өзін-өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, жалпы әлемде әрбір 40 секунд сайын, елімізде әр сағат сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсайты анықталды.

Әдебиеттерде суицидтік әрекеттерді көбінесе «аутожарақат», «аутоагрессия» деген терминдермен байланыстыра қарайды. Егер аутоагрессия актінің соңғы мақсаты – өзіне-өзі қол жұмсау болса, онда оны суицидтік әрекетке жатқызу керек. Сонымен қатар, қасақана дене мүшесін зақымдауды, психоз күйіндегі адамдардың аутоагрессивті актілерін және осындай басқа да іс-әрекеттерді суицидтік әрекетке жатқызуға болмайды. Жәбірленушінің немесе есі дұрыс емес адамның абайсызда өз өмірімен қоштасуы өзіне-өзі қол жұмсауға жатпайды. Мұндай жағдайларда өмір үшін қауіпті іс-әрекеттер өзін-өзі өлтіруге бағытталмайды және олардың басқа да себептері мен мақсаттары болады, сондықтан оларды жазатайым оқиғалар санатына жатқызу керек. Суицидтік мінез-құлық – бұл өзіне қол жұмсау туралы ойларға бағытталған психикалық актілердің сыртқы және ішкі нысандары. Ішкі нысандарға суицидтік ойлар (елестету, уайымдау); суицидтік үрдістер (ниет, мақсат) сыртқы нысандарға – суицидтік көріністер, суицидке оқталу (әрекеттену) жатады. Суицидтік ойлар (елестету, уайымдау) – өмірдің мағынасыздығы, құнсыздығы туралы пассивті ойлар («өмір сүруге тұрғысыз», «өмірде бақыт жоқ», «өмір сүрмейсің тек қана күнелтесің»), сондай-ақ өз өлімі туралы фантазиялар («өлсем жақсы болар еді», «ұйықтап содан қайта оянбасам»), бірақ өзіне-өзі қол жұмсамау. Қандай да бір қақтығысты немесе жүйкені зақымдайтын жағдайларды бастан кешкенде әдетте суицидтік ойлар барлық адамдарда кездеседі, бірақ олар суицидтік үрдіске ұласпайды. Суицидтік үрдіс (ниет, мақсат) – өзіне-өзі қол жұмсауды жан-жақты қарастыру, суицидтің жоспарын әзірлеу, өзіне-өзі қол жұмсау әдістерін, оның уақыты мен жүзеге асыратын орнын белгілеу болып табылады. Бұл ретте суицидттік әрекетті тікелей орындауға ниеттенуге байланысты сыртқы мінез-құлықта қобалжу байқалуы мүмкін. Осы кезеңде суициденттер көп жағдайларда өзінің суицидтік ниеттерін туыстарына, достарына, тұспалдап немесе әзілдеп (суицидтік көрініс) жеткізеді. Суициденттердің ішінде шамамен 15% мұны ашық және көпшілік алдында білдіреді. Қоршаған орта осындай ашық жариялауларды әдетте шындық ретінде қабылдамай, көбінесе көңіл аудармайды. Алайда оларды бағалауға болмайды. Осындай барлық жағдайда, яғни ашық пікірлер айтылған кезде міндетті түрде психологтың кеңесі қажет.

Суицидтің алдын-алу мақсатында жүргізілетін негізгі жұмыстар:

Психолог, әлеуметтік педагог және оқушы арасында сенім қалыптастыру;
Оқушы отбасымен тығыз байланыста болу;
Баланың балалық шағын қорғау үдерістерін іске қосу;
Оқушыға жеке көмек беру (құпия түрде);
Бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуі қажет. Жасөспірімдердің суицидке бейімділігінің себебін анықтау, тіпті солай деп жорудың өзі қиынға түседі. Бұл көбіне балалардың мінез-құлқының тұрақсыздығына да, сондай-ақ анықтау және балаға жәй ғана назар аударудың өзінің жоқтығына байланысты болады. Бұл жастағы балалар ересектер қатарына да жатпайды, бірақ олар бала болғысы да келмейді. Сондықтан оларға ересек адамның тығыз байланысы мен өзара терең түсіністігі қажет.

Суицидтік әрекет көбінесе, жасөспірімнің сабақ үлгермеушілігі, оған ынтасының төмендеуі, ересектермен қарым-қатынасының шектелуі, сезім тұрақсыздығынан байқалады. Тәрбиедегі ақаулық, дене жазасының басымдылығы, балада эмоциялық тұрақсыздықтың дамуына, эмоциялық қимыл-қозғалыс деңгейінің жоғарылауына әкелетіні жиі кездеседі. Ата-аналардың тым қаталдығы, олардың өз беделдерін басты орынға қоюы немесе балаға шектен тыс қамқорлық жасау – жасөспірімге кері әсерін тигізеді.

Жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті алдын алу, диагностикалық, коррекциялық, психопрофилактикалық жұмыстарын жүргізіп, адамның өмірін сақтап қалу – психологтардың ең басты міндеті.

Өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқару керек. Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалу қажет.

Жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс. Өзіне-өзі қол жұмсауға баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық ауруларымен, көңіл-күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді. Жастар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау мәселесін зерттегенде анықталған: тұтастай алғанда көп жағдайларды жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселерлеріне аудару мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді…

Ата-ана, ұстаз әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін, отбасын, жалпы өмірді сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз. Жасөспірімдерге өмірді бағалауға тек махаббат, түсіністік және қолдау көрсету көмектеседі.

Жасөспірімдерді қатерлі қадамнан тек өзін тыңдайтын, түсіністікпен қарайтын адаммен сөйлесу мүмкіндігі ғана құтқара алады. Оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз. Сіз ол адамның жан-жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады. «Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады:

ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады» — депті.

Қорытындылай келе өмірін өз қолымен қиған жастар қатары жыл санап артып келеді. Ал, оның алдын алу шаралары өз деңгейінде жүргізілмей жатыр. Айталық, суицидке қарсы ақпараттық-насихат жұмыстары. Теледидар арқылы оған қарсы жарнама немесе бейнероликтер қаншалықты көрсетіліп жатыр? Көрдіңіз бе? Бар мәселенің өзегі тәрбие екендігін әлем ғалымдары мойындап қойды бүгінде. Ал, қандай тәрбие? Бұл сұраққа да тұтыға жауап беретініміз де айқын. Өйткені, өз баласына күніне 15-ақ минут уақыт бөлетін ата-ананың балаға қандай тәрбие беруі мүмкін. Бұл жағдайда бала өзін-өзі тәрбиелейді. Шеше емес, көше тәрбиелейді. Арты өкінішті жағдайға соқтырып жатқанын айтудың өзі артық. Дін тұрғысынан берілген тәрбие баланың мұндай қадамдарға баруының алдын-алып қоймай, оны көркем мінезді, ақылды әрі қайбір сынаққа болсын сынып қалмай, көтере білетін тұлға қылып қалыптастырады. Өйкені, мұсылман елдерінде суицид жоқ. Бұл деректі жоғарыда келтірдік те. Ендеше бала тағдыры, ұрпақ тағдыры өз қолдарыңызда.

Психолог маман :А.Джахаева

Ұқсас жаңалықтар

Мағжан Жұмабаев

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Гүліме өлең

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz