Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Шымкентте 6,8 млн теңгені жымқырған мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Шымкентте 6,8 млн теңгені жымқырған мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Щымкент қаласының №73 орта мектебіне 2022-2023 оқу жылдары аралығында, мектептің ғимаратына жөндеу жұмыстары мен жылыту үшін қатты отынға бюджеттен ақшалай қаражат бөлінген.

Алайда бұл қаражат тиісті жұмыстарды жүргізуге жұмсалмай,мектеп директорының қалтасына кеткен.Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 млн теңгені жымқыру деректерін анықтады.

Сондай-ақ,мектепте жұмыс атқармағанына қарамастан,қайтыс болып кеткен 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды.

«Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.»,-деді Тұран ауданының прокуратурасы.

Ұқсас жаңалықтар

Отағасына бата беру

redaktor_qazyr

«Монтайтаста ауыз су жоқтығы» туралы хабар таратқан журналистерге, әлдекімдер «Мақаланы өшір!» — деп сес көрсетіп жатыр

redaktor_qazyr

Монтайтас ауылы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz