Qazyr.kz порталы
ҚоғамПайдалы кеңестер

Қыздар үшін іш қату зиян дейді, оны қалай емдеуге болады?

Құрамында клетчатка (өзек) жеткіліксіз тағам іш қаты- руға себепші болады. Ішектердің мезгілінде босап отыр- мауы, онда іріңдеу, божу процестері болуына қолайлы жағ- дай туғызады. Сыртқа шығатын зат ішек қалтарыстарында түрып қалса, созылмалы аурулар туындауы мүмкін. Қыз- дардың ішкі жыныс мүшелері дұрыс өсіп жетілуі үшін қуық пен ішті мезгілінде босатып түрудың үлкен маңызы бар. Сөйтсе де көпке дейін зәр сындырмай, түзге отырмай жүре беретін әдеттер қыздардан кездесе береді. Мұның өзі жа- тырға, оның қосалқысына қолайсыз әсер етеді. Іштің тоқ- тай беруі, зәр сындырмай жүре берушілік жатырдың бүгіліп, оның қосалқысының қабынып ауруының басты себептерінің бірі. Жатыр өзінің қызметін дұрыс атқару үшін, іш қатуына жол бермеу керек. Өйткені ол қанның жамбас қуысында ұдайы іркілуіне себепші болғандықтан,жатырдың орналасқан қалпынан ауытқуы мүмкін. Кобі- несе дәретке отырмай шыдап жүре беру, іш қататын жаман әдетке айналады. Сондықтан таңертең түра сала, кешке — т.с.с. қай уақытта барғыларың келсе, шыдап жүре бермей, іштеріңді босатып отырыңдар. Ал үзақ уақыт шыдап жүре берсеңдер, іш қататын жаман әдетке айналары сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ болып туғаныма мақтанам

redaktor_qazyr

Сабақ жоспарына енгізілетін негізгі құндылықтары

redaktor_qazyr

Түркістандық колледж мұғалімі қымыздан балмұздақ жасап шығарды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz