Qazyr.kz порталы
ҚоғамПайдалы кеңестер

Маған сыздауық жиі шығады, ол неліктен?


Маған сыздауық жиі шығады, ол неліктен? Оны біраз жерлерде шиқан деп те атайды. Өзі өте жиі кездеседі. Сыздауық асқынып кетсе, көпке созылады. Әсіресе, бетке, мойынға шыққаны тіпті қауіпті, қан тамырла ры арқылы аурудың уыты миға шабуы ықтимал. Сыздауық суықтың әсерінен майлы без бен ағзаның қабынуынан және терінің бір нәрсе сызып, тіліп зақымданған жеріне ауру қоздырғыш микроб түсуінен пайда болады. Микроб түскен жер алғаш сәл қызарып, бөрткен шығады да, бірте- бірте ұлғайып сыздап ауырады, адамның қызуы көтеріледі. Ол дененің кез-келген жеріне, көбінесе бетке, мойынға, санға, құйрыққа, сираққа шығады.

Кейде сыздауық топтанып бірнешеу болып шығады. Оны фурункулез деп атайды. Шиқанның мұндай түрі жұқпалы сырқаттан кейін, сондай-ақ қан азаюы, қант диабеті, созылмалы ішек-қарын аурулары салдарынан да шығады. Әдетте, адам ағзасындағы зат алмасуының бұзылуы, қажет ті витаминдердің жетіспеуі аурудың қозуына себепкер бола- тыны белгілі. Сыздауықтың аса толық және ішімдікке үйір жандарда жиі кездесетіні осыған байланысты.

Сыздауықты қолмен сығу, инемен, түйреуішпен шүку мүлде қате. Оның жарылып, ішіндегі соқтасы мен қанды іріңнің шығуына тек дәрігерлік емді ғана пайдаланған жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Неге адам терісі түлейді?

redaktor_qazyr

Энергетикалық сусындардың зияны туралы не білесіз?

Redaktor Site

Қадір түні

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz