Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысы: Комиссия отырысында әкімдік қызметкері, балабақша басшысына қол көтерді

Түркістан облысы:
Комиссия отырысында әкімдік қызметкері, балабақша басшысына қол көтерді.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабар таратады.

Түркістан облыстық білім басқармасында өтілген жиналыста әкімдік қызметкері,балабақша басшысымен жанжалдасып,ақырында жұдырық ала жүгірген сәті бейнежазбаға түсіп қалды.

Балабақша басшысы әкімдік қызметкерінің үстінен арызданған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, арыз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-тармағы («Ұрып-соғу») бойынша тіркеліп, іс материалдары сотқа жолданған.

Сот қаулысымен әкімдік қызметкеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Түркістан облысы әкімдігі балабақша иесіне қол көтерді деген әйел әкімдіктің ішкі аудит қызметінің бас инспекторы екенін айтты. Оқиғадан кейін қызметкерден түсініктеме алынып, әдеп нормаларын сақтамағаны үшін оған қатаң сөгіс берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Астаналық әйелдер Конституциялық реформаны қолдады

admin_qazyr

Марат Шакен: «Aitu мессенджеріне көшу – деректердің қауіпсіздігі үшін маңызды қадам»

admin_qazyr

Жыл басынан бері 1,6 трлн теңге көлемінде кедендік төлем түсті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz