Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірҚоғам

Темір жол — өте қауіпті аймақ!

Теміржолшылар қазақстандықтарды темір жол маңайында аса сақ болуға, жол ережелерін сақтауға, темір жолды белгіленген және жабдықталған жерлерден, келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізе отырып немесе өткел сигнализациясының рұқсат белгісі берілгенде ғана өту керек.

Темір жол — өте қауіпті аймақ. Алайда оны ескермейтіндер де баршылық. Әсіресе, шойын жолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындары ережені ескермей, жолды кесіп өтеді. Мыңдаған тонна жүк тиеп алып жүйткіп келе жатқан пойыздың алдында болу ешкімге де жақсылық әкелмейтіндігі ақиқат.
Жалпы рельстің үстімен жүруге, вагондардың үстіне шығып, баспалдақтар, өтпе алаңшалары және вагондардың тамбурларына мініп жүруіне, жақындап қалған тепловоздың алдынан кесіп өтуге, вагондардың астынан өтуге тыйым салынады. Сонымен қатар, поезд қозғалыста болған кезде мінуге және түсуге, темір жолдың жүруге тыйым салынған бөлігінен өтудің қауіпті екендігі жөнінде темір жол бойында орналасқан Байзақ және Жамбыл аудандарына қарасты елдімекен тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
Темір жолдан тек арнайы өткелдер арқылы өткен жөн. Пойыз 800 метр қашықтықта келе жатса, жүруге мүлдем тыйым салынады. “Тальго” жүрдек пойызы көрінсе, жолдан 5 метрге алыстау керек.
Темір жол — өте қауіпті аймақ. Сондықтан әрбір адамды өміріне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік қағидаттарын сақтауға шақырамыз!

Ұқсас жаңалықтар

Ресей әскери рельске толық отырмақ

redaktor_qazyr

Қазақстанда шетелден заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

redaktor_qazyr

Талғарда бұзақылардың қолынан ажал құшқан 16 жасар Шерзаттың үйін өртеп жіберді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz