Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Қазақстанда 2031 жылға дейін «жасыл» сутегі өндіру саласына мың инженер дайындалады

Қазақстанда 2031 жылға дейін «жасыл» сутегі өндіру саласына мың инженер дайындалады.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды 

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында «болашақтың энергиясы» – «жасыл» сутегі өндіретін әлемдегі ең ірі 5 зауыттың бірін тұрғызу жоспарда тұр. Кәсіпорын келешекте жел мен күн энергиясын пайдалана отырып, жылына 2 млн тонна өнім шығарады деп күтіледі. Ауқымды жоба аясында мыңдаған жұмыс орны құрылмақ.

 Осы мақсатта былтыр Каспий технологиялар және инжиниринг университеті базасында Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты ашылған болатын. Оқу бітірген соң түлектер жаңа зауытқа қызметке қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

EXPO-2025: Жапонияда донорлық органдарды сақтауға арналған бірегей Alem аппараты ұсынылды

admin_qazyr

Қазақстан мал шаруашылығында толық өндірістік тізбек қалыптастыруда: шаруашылықтан бастап экспортқа дейін

admin_qazyr

Биылғы жылдың пітір садақа мөлшері белгілі болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz