Qazyr.kz порталы
Қазір

Шымкентте Сейітжан қари Есжанұлы атындағы мешіттің ашылу салтанаты өтті

Шымкентте Сейітжан қари Есжанұлы атындағы мешіттің ашылу салтанаты өтті.Бұны QAZYR.KZ хабарлайды.

Ашылу іс-шараға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы және Құран кітапты қолмен жазған каллиграф Шейх Осман Тоха Шымкентке келді.

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы Үлкен мешіт Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Мешіт 4 мұнарадан тұрады. Негізгі бас күмбездің биіктігі 56 метр. Негізгі орталық кіреберіс есіктен ер азаматтар кірсе, сол жақ тұсындағы есік әйел адамдарға арналған.  12 мыңға жуық мінәжәт етушілердің сыю мүмкіндігі бар, ал кіреберіс алаңда бірден  10000-ға жуық келушілер жинала алады. Сондай-ақ, бұл ғимаратта 1100 орынға арналған конференц-зал, 600 орынға арналға ас беру орны, 100 орынға арналған неке қию залы, 428 орынға аарналған кіші дәрет алу орны, медресе мен кітапхана бар.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысындағы өрт қашан толық сөндіріледі

admin_qazyr

Қазақстан өнеркәсібінде 75 жаңа мамандық пайда болды

admin_qazyr

Жетісу облысында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын зауыт құрылысы басталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz