Qazyr.kz порталы
Басты ақпарат

Маңғыстау облысында мектеп бітіруші түлектер бүлік шығарды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында мектеп бітіруші түлектер жаппай төбелесті.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Жергілікті полиция департаменті бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Кәмелетке толмаған 47 бала полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», — дейді полицейлер.

Көп ұзамай оқушылардың өзі де бұл жайтқа байланысты кешірім сұрады.

«Соңғы қоңыраудан кейін азғантай келіспеушілік болды. Бұл жағдайда ешкім дене жарақатын алған жоқ. Осы жағдайға байланысты ата-аналардан, мектеп басшылығынан, мұғалімдерден кешірім сұраймыз», — дейді видеода оқушылар.

Осы жағдайдан кейін,мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары да жұртшылықтан кешірім сұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алды

admin_qazyr

Тышқан пілді құлатты

admin_qazyr

Қазақстанда медициналық кітапшалар электронды форматқа ауыстырылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz