Qazyr.kz порталы
ҚоғамРуханият

Қазақ болып туғаныма мақтанам

Ата салтын сақтаған,
Ынтымақты жақтаған.
Іріткі салып өзге елге,
Бүліктің отын жақпаған.
Бабалардың өсиетін,
Абыроймен ақтаған.
Қазақ болып, бауырым,
Туғаныма мақтанам.
Қазақтай елді ғалымдар,

Ешбір жерден таппаған.
Қонағына әрқашан,
Дәмдісін астың сақтаған.
Жалғыз жарым отырып,
Дастарханнан дәм татпаған.
Қазақ болып, кеңпейіл,
Туғаныма мақтанам.
Бір өзі шығып айқасқа,
Қалың қолға қаптаған.
Ел шетіне жау тисе,
Бұғып үйде жатпаған.
Ерегескен дұшпанын,
Аяққа салып таптаған.
Қазақ болып, ержүрек,
Туғаныма мақтанам.
Шұбырындыда ақтабан,
Көршілерін жақтаған.
Сөзіне еріп бұзықтың,
Жолдастарын сатпаған.
Іріткі қанша салғандар,
Еш абырой таппаған.
Қазақ болып сабырлы,
Туғаныма мақтанам.

Авторы:Тұрғанбек Қанаев
Кітабы:Еңбегім туған еліме

Ұқсас жаңалықтар

Маған сыздауық жиі шығады, ол неліктен?

redaktor_qazyr

Абай Құнанбайұлы

Redaktor Site

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz