Qazyr.kz порталы
Руханият

Темірхан Медетбек — Ашаршылық жылдар

QAZYR.KZ: Ашаршылық
Алдымен талғап жұтты.
Соңынан
түк қалдырмай
Жалмап жұтты.

Жұтты,
Жұтты,
Жұтты!

Құртты!

Ақылдасатын
Дана қалдырмады.
Құшақтасатын
Бала қалдырмады.

Алатау мен Арқаның,
Алтай мен
Атыраудың арасы
Қынадай қырылды,
Шалғындай жапырылып,
Шөптей жұлынды.

Жад пен ойымда
Қайғы мен қасiрет
Желдай ағылысты.
Ертiс пен Жайық,
Есiл мен Ойылда
Iсiнген өлiктер
Сеңдей соғылысты.

Құзғындар
Қара бұлттай қаптады.
Атқан күн батпады,
батқан күн атпады.

Бiздiң жерiмiздегiдей
Еш жерде
Құзғындар
Көп болған емес.
Бiздiң жерiмiздегiдей
Еш жерде
Құзғындар
Тоқ болған емес.

Шашылып жатты
Шоқыған, жегенi…
Содан ба елiмде
Құзғындар көп әлi.

Ұқсас жаңалықтар

Сыйласып өмір сүрейік

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz