Qazyr.kz порталы
Руханият

Өлең: Ақ парақша,құйылған мұң қаламым

Ақ парақша,құйылған мұң қаламым,
Сезіп жүрек,ескен сезім самалын.
Есімді сен,кетткеннен соң,у-қылып,
Барма менің,ойламауға амалым.

Қараңғы түн,жарығы жоқ ешбірде,
Жылап алам,білдірместен ешкімге.
Жалындаған от едім ғой,от едім,
Шарпыдым ба?түсінбедім өштімбе.

Төрт қабырға,шырағы жоқ түгі жоқ,
Сенсіз мүлде тыныш күйде,үні жоқ.
Баққа шығып тыңдаушедік құстарды,
Қазір міне,құстардың да тілі жоқ.

Бұлдыр-бұлдыр,еске түсіп бірдеңе.
Тыныш жүрек,тыңдайыншы,үндеме.
Қайта жүрек,өткен көктем секілді,
Енді қайтып,бүршік жарма,гүлдеме.

Қараңғы түн,айналды ғой досыма,
Серік етіп,айды жалғыз қасыма.
Жауын жауып,жұбатады жанымды,
Араласып,моншақтаған жасыма.

О,ақ қалам,менің жалғыз сырласым,
Жүректегі,мұңды сезім жырласым.
Самал есіп,мұңды айтсын жаныңа,
Ал жүрегің,бұл мұңымды тыңдасын!!!

Ұқсас жаңалықтар

Толқын Қабылша

Redaktor Site

Монтайтас ауылының атауының шығу дерегі

redaktor_qazyr

Ақсақалға зәрумін

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz