Егер кімде-кім үйінен шығар кезде Аллаға тәуекел еттім, Алладан басқа күш те, қуат та жоқ екенін айтар болса, оған Алла тарапынан да бар қажеттіліктері қамтамасыз етіледі Шайтан да одан алыс жүреді. Ал отбасындағы ұрыс-керіс көбіне ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына шайтанның араласуымен басталады. Адамды уайымнан құтқарып, кешке дейін қорғап жүретін әрі шайтанды шарасыз күйге түсіретін дұға Әнастан (оған Алла разы болсын) Алланың Елшісі (оған Алланың игілі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім үйден шығарда: «Алланың атымен Аллаға тәуекел еттім. Алланың күш қуатынан асқан ешқандай күш қуат жоқ» (БисмиЛләһ, тауаккальту ‘әлә-Ллаһ, ла хаулә уә лә къуууата иллә билләх) десе оған: «Сен тура жолдасың, құтылдың әрі қорғаулысың» деп айтылады. Сол кезде шайтан ол адамнан қашады да басқа шайтанға барып: «Сен тура жолдағы, құтылған әрі қорғалған адамға не істей аласың?» деп айтады» деген. Осы xадистегі «құтылды» деген сөз туралы ғалымдар: «Ол адам, адамға екі дүиеде уайым салатын нәрсенің бәрінен құтылады» деген (Әбу Дәуд). Сондықтан, үйден шыққан кезде және үйге кірер кезде осы дұғаны күн сайын оқи жүріңіз.