Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Мұқағали Мақатаев күнделігінен

Менің көзім енді ашыла бастағандай. Басқаларды, қоршаған ортамды ұға бастадым. Неге екенін, кейде маған бүкіл адамзаттың баласы дос болып көрінеді, ал кейде туған шешем де қас сияқтанып кететін сәттер бар. Ол, сірә, менің адамдарға соншалық шектен тыс жаным ашып, есесіне олардан да өзіме сондай жанашырлық күткендіктен болар.

Жұртқа түсінікті болғым келеді. Мен олардың маған жаны ашығанын, мені сыйлағанын қалаймын. Өйткені өзім оларды шексіз сыйлаймын. Мен жайында не ойлайтындарын жұрт мейлі айта берсін. Оларды тоқтату менің билігімдегі нәрсе емес. Алайда олардың жасырын жаулықтары менің назарымнан тыс қала алмайды, бәрібір білем. Білем, сонан соң ерте ме, кеш пе, мәдениетке жата ма, жоқ па, әйтеуір, бір қатты айтып тастаймын. Әйтпесе, мен ауырамын. Мұның бәрін неге айтып отырмын, себебі мен адамдармен істес болам, оларды зерттеймін. Мені адамның өзі, сыртқы сүлдері емес, мінез-құлқы, қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады. Оларды түсінуге тырысамын. Адамдарды түсіне отырып, олардың да мені түсінгенін қалаймын. Менің бүкіл поэзиямның мәні, міне, осы. Поэзия – мен үшін жанымның шырылы. Басқа ештеңке де емес.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі жастарға зор үміт артамыз — Думан Әбілев

redaktor_qazyr

Таңертең ерте тұру үшін не істеу керек?

Redaktor Site

Ең алып нан

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz