Qazyr.kz порталы
Руханият

Айқын Жігер -Тыныш

Айқын Жігер -Тыныш

Тыныш жатқан шабытқа жыр ұсынып.

Гүрілдейді бір алып тілі сынық.

Соңғы демін үзердей қарау күннің.

Қараша айы келеді құм ұшырып.

 

Əзірейілдей түнеріп толқынысы.

Кері итеріп кеудеңнен кең тынысы.

Жапырағын шашады сасық терек.

Жанын билеп осалдау қорқынышы.

 

Ақ толқынын тулатып кең өзеннің.

Дымын сорды кептіріп кенеземнің.

«Сағындыңба мен келдім сырласым»-деп.

Түбінде тұр Қара күз тереземнің.

 

Алыс емес шабытты тақымдар күн.

Мен саған мінезіммен жақындармын.

Бусанамын Бурадай қарашада.

Əлде бəрі солайма ақындардың.

 

Талай болды бесті ойды доғарып ем.

Жетпей жүрген секілді жоғары дем.

Күзді сүйем туыппын қарашада.

Алғашқы қар жаудырып боранымен…

 

Нəн толқындар шулады құмға құлап.

Сырын шертті қара күз сұрланып ап.

Сағынышын жеткізді ұйқы бермей.

Сезін мені, түр дейді- жырға құақ…

 

Шындығы бар дауылдың ақын үнді.

Алдағанмен алмайды ол ақылыңды

Қарамайды ол жалғанның қабағына.

Жұлып кете береді шатырыңды.

Ез заманның езілген көп адамы.

Жақсы көрер сондықтан ақырынды….

 

Біздің жаққа қонардай нар абызым.

Ыққа тықты болбыр жаз арам ізін.

Меніңде саған тартқан жігерім бар.

Сол үшін жақсы көрем қара күзім….

 

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Байбосынов

Redaktor Site

Ұлықбек Есдәулет — Қыздардың махаббаты

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz