Qazyr.kz порталы
Руханият

Мехнат Теміртасқызы-Табиғат тангосы

Соққан боран тоқтады өктемденіп,

Көшкен бұлттар барады, бөктерді еміп.

Қалай ғана байқамай қалдым екен,

Көктем келіп қалыпты-ау, көктем келіп..

 

Күннің саумал сəулесі-иігені.

Иіген соң, ақ жауын жиіледі.

Тау басында тақия қар қалдырып

Бөкен-бөктер..көктемше киінеді.

 

Кейде күннің қабағы бұртияды,

Бұлт астынан сығалап.. бір қияғы.

Кенет, күліп жіберсе нұрын төгіп

Алақайлап, бəйшешек қылтияды.

 

Қардың суы жиылып етекке кеп,

Абыр-сабыр, қайтқан құс..секек-секек.

Өзімшілдеу бір дауыс естіледі,

Білдім, білдім..

Ол сұлу, Көкек.. «кө-кек».

 

Бүлк-бүлк етіп ауылдың ақ бұлағы,

Шыңыраудан шырын-су тартқылады.

Көк шыбықты «жүгендеп» мінген бала,

Қиял қуып, армансыз шапқылады.

 

Құдай- шебер!

Нұр құйған ғаламға əне..

Қам жасауда табиғат, таранғалы.

Шүңкіл-шүңкіл..топтанып əңгіме айтқан,

Шіркін, қандай, ауылдың адамдары.!

 

Көріп тұрмын, көк бұлттың сүгіреттерін,

Аспан астын кетті екен, иректеп кім.?!

Жаусын,жауын.!

Табиғат тангосына,

Билеп кеткім келіп тұр, билеп кеткім…

Ұқсас жаңалықтар

Үп еткен желге дірілдей берме, Дірілдей берсең нең қалар?

redaktor_qazyr

Темірхан Медетбек — Қалың ұйқы

Redaktor Site

Ажырасу туралы баллада

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz