Əкем марқұм, бізді ешкімнен кем болмасын деп, тірнектеп жүріп тапқан ақшасына біздің қалағанымызды сатып əперуге тырысатын..
Ол кезде ақша бар болғанмен, қалаған жақсы дүниеңді табу қиындау еді..
Сонда да, əке — шешеміз шамасы келгенше біздің керегімізді тауып беретін..
Əсіресе, əкем..
Себебі; біз ауыл орталығындағы интернатта жатып оқимыз..Ата — анамыз далада қой бағады, ал далада жүрген біздің хал — жағдайымызды білу үшін, көбіне салт атпен шауып, əкем келетінде тұратын..
Бірде мен əкеме;
—«Папа, маған ана Сəрсен əкенің қызы киіп жүргендей клеткалы белдемше əперіңізші, маған қатты ұнап жүр» — дедім..
Содан » жарайды » — деп келіскен əкем дүкен жағалап сол белдемшені іздеп кетті..Сөйтсе, ол құрғыр орталықтағы дүкенде де, бөлімшелердегі дүкендерде таусылып қалыпты..
Қатты ұнатып, күндіз көзім сүрінген, түнде түсіме енген затыма қолым жетпей мен ол бұртиып, жылап жүрмін..Əкем болса, «сол затыңды қайтсемде тауып берем» — деп мені жұбатып əлек..
Менде ақымақпын ғой..Əкеме, «сұраған затымды тауып бермедің» — деп ренжіп, бетімді сүйдірмей, əрең қоштастым..(неткен əумесерлік, қырсықтық десеңші)
Содан бір — екі жұма өткеннен соң, сол белдемшені ақыры сатып əперді əкем..Менің сондағы қуанышымды көрсеңіздер…
Артынан естісем, менің жылағаныма шыдамаған əкем, тоқсан бес шақырым жердегі бөлімшенің дүкеніне атпен барып, сондағы дүкеншіге екі есе бағасына келісіп, мен ұнатқан ақ клеткалы, көк түсті белдемшені аудан орталығынан(Райподан) заказбен алдыртқан екен..(ол кезде де алыпсатарлық болған ғой, сонда)
Кəзір ойлап отырсам, өгей əкенің тепкісінде, жоқшылық пен жетімдік көріп, тақсірет шегіп өскен қайран əкетайым, біздің, балаларының қабағын, кішкене де болса да мұң шалмағанын қалаған екен..
Қазақта; «қолда барда алтынның қадірі жоқ» — деген сөз бар..
Біз, адамдар пенделігімізге басып, көзінің тірісінде əке мен шешенің қадірін онша білмей жатамыз..
Олар жоқ болған кезде ғана өкініштен өксиміз, өртенеміз, өзімізше бірдеңе білгендей боламыз..
Бірақ, тым кеш қалғанымызды сол кезде ғана ұғып, сол кезде ғана түсінеміз…
Сондықтан, Əке жəне Ана деген ұлағатқа толы, Ұлы есімді олардың көзінің тірісінде қадір — қасиетіне жетіп, бағалай білейікші, ағайын..!