Qazyr.kz порталы
Руханият

Ғашықтық дерті

Ғашықтық дерті

Түңердім, күні-түні сені ойлаймын

Ғашық болдым ,сол адамды алаңдаймын.

Ғашықпын берілмеймін,құламаймын,

Сондықтан бір өзіңе ән арнаймын.

 

Жымиып келбетіңе нұр бітеді,

Сағынумен,сені ойлаумен күн өтеді.

Бір күні келіп тұрсаң сүйемін деп…

Қуаныштан басыма гүл бітеді.

 

Екі жыл ғашық болдым, сырттай бірақ,

Айта алмадым өзіңе нық -нақтырақ.

Түсінсеңғой қәзіргі жағдайымды

Сезер едің ,сезімімді анығырақ.

 

Күтемін тағы сенің сезіміңді,

Тауыспашы тек менің төзімімді.

Керек емес, сенен басқа артық адам,

Жеткілікті жасасаң , маған қадам.

 

Бір күндері ойлағам айтарым деп

Жасырған сезімдерім, құпиям көп

Ойладым жоғалтып алам ба деп.

Қалды өшпес іздей жүректе атың,

Біркүні ұмытып қалармын деп.

 

Тырыстым ұмытуға бірақ сені,

Болмады ұмытуға тұрар емі.

Махаббаттың шарабын ішіп алып,

Құшақтаймын,жібермеймін қысып алып.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Әңгіме

Redaktor Site

Абай Құнанбайдың бесінші қара сөзі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz