Qazyr.kz порталы
Руханият

Бейімбет Майлин

Бейімбет (Бимағанбет) Жармағанбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысының Қостанай уезі, Дәмбар болысының сегізінші ауылындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданындағы Ақтөбе ауылында) дүниеге келген. Атасы Майлы, әкесі Жармағанбет кедей шаруа өмірін кешкен. Бейімбет әкеден жастай айрылады. Жесір шешесі байдың сиырын сауып жүріп, ұлына жақсы тәрбие, білім беруді аңсайды. Ес біліп, ер жетіп келе жатқанда шешесі де қайтыс болады. Бейімбетті кәрі әжесі Бойдас тәрбиелейді. Болашақ ақынның әжесі ісіне пысық, сөзі өтімді, өз жанынан өлең шығара білетін кісі болған. Бейімбетке кішкентай күнінен өлең жаттатқызып үйреткен де осы әжесі. Бейімбет те өз жанынан өлен, шумақтарын шығара бастайды, ауылдастары оны «бала ақын» деп атап кетеді.

Бейімбет жас кезінде өз ауылындағы Ыбырай Есжанов деген молдадан сауатын ашады. Троицкіден келген татар мүғалімі Сатыбалдиннен де тәлім алады. 1911 жылы Арғынбай қажының медресесіне түсіп, бір жыл оқиды. Білімге ықыласы арта түскен Бейімбет Троицкідегі «Уәзифа» медресесіне барып оқиды.

1914 жылы Уфадағы «Ғалия» медресесіне түседі. Онда 1914—1916 жылдары оқып, денсаулығының нашарлауына байланысты елге оралады. Уфада оқып жүрген кезінде Б. Майлиннін ұйымдастыруымен қазақ шәкірттерінің «Садақ» атты қолжазба журналы шығып тұрды. Майлин бұл журналдың әрі авторы, әрі редакторы болды.

Бейімбет  қазақ кедейлерінің балаларын оқытып сауатын ашса, екінші жағынан өлең жазумен шұғылданды. Татар әдебиеті арқылы И. Крылов, Н. Гоголь, Л. Толстойдың, А. Чеховтың, М. Горькийдің шығармаларымен, әлемдік әдебиетпен танысады.

«Айқап» журналының редакторы Мұхамеджан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаевпен де достық қарым-қатынас орнатады. Осы жылдары ауыл өміріне арналған әңгімелер, мақалалар, бірнеше өлеңдері мен фельетондары баспа беттерінде жарияланды. Бейімбеттін «Көңіліме» деген өлеңі баспасөздегі ақындығының бастауы ретінде саналады.

Қарапайым өмірдегі Бейімбет сегіз баланың аяулы әкесі, ақжарқын, байсалды мінезді, қонақжай, ақылға тұнған Күнжамал жеңгейге асыл жар болған азамат.

Дереккөз: Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспiрiмдер кiтапханасы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Асыл арман

Redaktor Site

Сәбит Дөнентайұлы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz