Qazyr.kz порталы
Руханият

Кеңесары Қасымұлы

Кенесары 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген

 

Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы он жылға (1837- 1847) созылған ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі болды. Атасы Абылай ханның тұсында жасалған келісімдердің бұзылғанына наразылық білдіріп, патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы соғысты. Қазақ халқының жерін, тәуелсіздігін қалпына келтіруге тырысты. Парасатты әмірші, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы, жаужүрек батыр ғана емес, ғажайып дипломат ретінде тарихта қалды. Sputnik Қазақстан Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлына қатысты қызықты деректерді ұсынады.

 

Жас сұлтанның балалық шағы

Кенесары 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Сол жерде атасы Абылай хан ордасын тіккен. Оның отыз ұлы болған. Абылайдың бір әйелі Топыш ханым — қалмақ ханы Қалдан-Сереннің туысы, Хошу мерген ноянның қызы. Одан Қамбар мен Қасым сұлтан туады. Қасымның бәйбішесі Айкүмістен: Кенесары, Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай мен Бопай. Ал Кенесарының інісі Наурызбай Қасым сұлтанның екінші әйелінен өмірге келген.

Жас сұлтан өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып өсті. Ал бойындағы ерлік қасиеттері, бірбеткейлігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы, дүлей күш-жігері мен жетекшілік қабілеті бірден көзге түсті. Атасының барлық қасиеттерін бойына сіңірген Кенесары жас кезінен-ақ халық кұрметіне бөленді.

 

Тарихшы Ермұхан Бекмаханов айтуынша, Кенесарыға халық аңыздары мен қиссаларында жырланған атасының образын бала кезінен үлгі тұтқан.

 

«Ол Абылайды мақтан тұтатын және өзінің әрқашан оның ісін жалғастырушы және оның құқықтарының заңды мұрагері екендігін атап айтып отыратын. Міне, сондықтан Кенесарының патша өкіметі орындарына жазған хаттарында және қазақтың әртүрлі руларына арнаған үндеулерінде Абылай есімі жиі аталатынын көреміз… Өзінің үндеулерінде ол «Абылай тұсында қазақтар еркін және бейбіт өмір сүргендігін» еске салып отырады. Абылай есімі Кенесары әскерінің жауға шапқандағы ұраны болды»,- деп жазды Бекмаханов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Сәкен Сейфуллин

Redaktor Site

Мағжан Жұмабаев-Анама

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz