Qazyr.kz порталы
Руханият

Қазақ хандығы мен Шайбани әулеті арасындағы соғыс

Қазақ хандығы мен Шайбани әулеті арасындағы соғыс

 

Шайбан ұрпағы

 

Әбілқайыр хан өзінен

 

бөлініп кеткен Керей мен Жәнібек

 

сұлтандарына қарсы жорыққа шыққанда

 

қайтыс болды. Оның орнына ұлы Шейх

 

Хайдар келді. Ол да Қазақ хандығының

 

күшейіп келе жатқанын көрді. Бірақ ештеңе

 

істей алмады. Оған қарсы Сібірдегі Төмен

 

жұртының билеушісі Ибақ, Қазақ ханы Әз

 

Жәнібек және маңғыт билері Аббас пен Мұса

 

билер бірігіп қарсы шықты. Осы соғыста

 

Бұрындық Әз-Жәнібектің тапсырмасымен

 

Қазақ хандығының әскерін басқарды.

 

Ақырында Сібір билеушісі Ибақ Шейх

 

Хайдарды өлтірді. Содан Дешті Қыпшақ

 

даласындағы хандық билік қазақ

 

сұлтандарының қолына көшті. Ал бұған төзе

 

алмаған Әбілқайырдың немересі Мұхаммед

 

Шайбани енді Хайдар ағасының кегін

 

қайтаруға кіріседі.

 

Мұхаммед Шайбани Өзбек ұлысының тоз- тозы шыққан әскерлерінің қалдығымен бас бағып, аңдып жүріп бірнеше күннен кейін Ибақ бидің ұлын өлтіріп тынады. Одан кейін қазақтардан кек алуға көшеді. Осы мақсатпен көмек іздеп, алдымен Әмір Темірдің мұрагерлерін жағалайды. Солардың қолдауымен Сыр бойындағы бірнеше қамалды да қазақтардан тартып алады. Артынан ноғай (маңғыт) мырзаларына жақын жүреді. Басында Мұса биді өзіне қарату үшін оларға қарсы жорықтар жасайды. Онан соң онымен құда-жегжаттық қатынастар орнату үшін оның қызына ғашықтық мұңын шағып жасырын хаттар жолдайды. Ақыры дегеніне жетті.

 

Маңғыттардың билеушісі Мұса мырза өзіне күйеу болған Мұхаммед Шайбаниге қарсы тұра алмайды. 1472 жыл жапан даланың түкпір-түкпірінен ноғай мырзаларын жинап, Мұхаммед Шайбаниді ақ киізге отырғызып, таққа отырғызбақ болады. Осыны естіген Бұрындық қасына Әз-Жәнібектің ұлдары Қасым мен Әдік сұлтандарды ертіп алады да, 50 000 әскермен кең даланы дүбірлетіп, маңғыттардың мекеніне жетіп келеді. Қырғын соғыс итжығыспен аяқталды. Алайда Бұрындықтың осындай жаужүректігі маңғыттарды Махмұд Шайбаниден іргелерін аулақ салуға итермеледі. Өзі жеңіске жете алмаса да, маңғыттардың Махмұд Шайбаниді хан сайлауына мүмкіндік бермейді. Бұрындық енді Сыр бойындағы Мұхаммед Шайбаниге бағынатын қалаларды қайта басып алуға кіріседі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Тауықтар жайлы қызықты дерек

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz