Qazyr.kz порталы
Руханият

Ғабит Мүсірепов

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Жамбыл ауданы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауылда кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1908 — 1910 жылдары өз ауылында молдадан оқып, арабша хат таниды. 1916 -1918 жылдары Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі класты орыс мектебінде оқиды. 1918 -1921 жылдары Пресногорьковтың жоғары басқыш училищеде оқып, бітірген. 1923 -1926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін /рабфакты/ оқып тәмамдайды. 1926 — 1927 жылдары Омбы қаласындағы Ауыл шаруашылық академиясында оқиды. 1927 — 1928 жылдары Щучинск орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып істеген.

Ғ.Мүсірепов бүкіл халықтар жетістіктерін жер жүзіне насихаттап, танытуға белсенді еңбек сіңірген даңқты жазушы. Ол Азия және Африка жазушыларымен байланыс жөніндегі Советтік Комитет председателінің орынбасары, Европа мәдениеті қоғамының мүшесі ретінде шет елдің прогрессивті, демократ жазушыларымен мәдени, достық қарым – қатынасты күшейтіп, нығайтуға да үлкен үлес қосты. Совет әдебиетін өркендетудегі аса елеулі еңбегі үшін Ғ.Мүсірепов Ленин (үш рет), Октябрь революциясы (1972), Еңбек Қызыл Ту (екі рет) , «Халықтар достығы» (1982) ордендерімен, СССР медальдарымен және Қазақ ССР Жоғары советінің Құрмет грамоталарымен марапаттаған .

Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1985 жылы 31 – інші желтоқсан да, 83 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.

Дереккөз: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кітапханасы

Ұқсас жаңалықтар

Тұманбай Молдағалиев-Не жетеді?

Redaktor Site

Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz