Qazyr.kz порталы
Руханият

Шерхан Мұртаза

Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысында туған. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртаза заманының дара һәм дана тұлғасы еді.

Жазушының «Құрылысшы Дәку» (1958), «Табылған теңіз» (1963), «Бұлтсыз күнгі найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «41-жылғы келіншек» (1972), «Ахметжанның анты» (1973), «Интернат наны» (1974), «Жүрекке әжім түспейді» (1987) секілді повестер мен әңгімелерден тұратын кітаптарын жұртшылық кезінде жылы қабылдады. «Мылтысыз майдан» (1977), «Қара маржан» (1986) романдары, «Ай мен Айша» роман-дилогиясы (1997), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе» роман-эпопеясы (1978-1994) қазақ әдебиетіндегі кең құлашты, үлкен көлемді эпикалық жанрдың дамуындағы зор жетістік болды. «Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда!» (1998), «Ақындар мен әкімдер» (2002), «Бір кем дүние» (2008) секілді ойлар мен толғаныстардан тұратын кітаптары заман тынысын, қоғам шындығын, адам сырын кең де терең, суретті де сәулетті көрсетеді. Көп томдық шығармашылық мұрасы халық игілігіне айналды.

Шерхан Мұртаза 2018 жылы 8 қазанда қаза болды.

Дереккөз: әл-Фараби кітапханасы

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтастық жігіт ауыл көшелерінің бойына қоқыс жәшіктер орнатты

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz