Qazyr.kz порталы
Руханият

Бердібек Соқпақбаев

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында туған. 1991 жылы дүниеден озды.

Б.Соқпақбаев мектепті бітіргеннен кейін әскерге аттанып, әрі қарай Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейін Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады. 

 Ауылдан шыққан қазақ баласы журналистикамен көп айналысып, үнемі балаларды тәрбиелеудің күрделі мәселелеріне алаңдады. Б.Соқпақбаев білікті мұғалім, тәрбиеші бола білді. Содан болар, бұл жағдай оның шығармаларының тақырыбына арқау болды. Осыдан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарды. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болды. Ең алдымен, ол – балалар жазушысы. 

Б.Соқпақбаев шығармашылық жолын 1950 жылы «Бұлақ» атты алғашқы өлеңдер жинағымен бастап, кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын оқырман қауымға ұсынды. «Менің атым – Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар?» секілді туындылары КСРО халықтарының және көптеген шетел тілдеріне аударылып, сахналанып, экраннан көрсетілді. 1967 жылы Канн қаласында (Франция) өткен балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің халықаралық фестивалінде «Менің атым – Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Дереккөз: “Ана тілі” газеті

Ұқсас жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының сөздері

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ғалым Қалибекұлы — тарихи дерек

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz