Qazyr.kz порталы
Руханият

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев 1846-1945 жылдары өмір сүрген. Жамбыл өзінің алғашқы «Шағым» деген өлеңін 13 жасында шығарған. Бұл өлеңінде де молдадан оқудан бас тартып, әкесінен ақындық жолға түсуге бата сұраған.

Жамбыл өзінің қисса айту өнерімен, өткір де уытты өлеңдерімен, айтыскер ақындығымен Жетісу өңіріне, көршілес қырғыз еліне атағы жайылған.

Жамбыл Жабаевтың өлеңдері – заман ағысын, қоғам тынысын көрсететін, өмір ағымын жырлайтын өміршең жырлар. Ақынның көп жырлаған тақырыбы – жарлы мен жалшының, кедей-кепшіктің азапты өмірі, аянышты күйі.

Жамбыл өзінің «Мәңке туралы», «Қалиға», «Сәт сайланарда», «Шалтабайға» деген өлеңдерінде халық қамын ойламайтын билік басындағылардың әділетсіздігін, парақорлығын, екіжүзді аярлықтарын өткір сынай отырып, көпшіліктің алдында әшкерелеген. Жамбыл «Өстепкеде», «Кәкімге», «Кәдірбайдың төбеті», «Есенәлі мешкейге» өлеңдерінде адам мінезіндегі, қоғамдағы ұнамсыздықты, жағымсыз әрекеттерді ащы да уытты сатира тілімен мінеп-шенеген, әжуалап күлкі еткен.

Дереккөз: Алтын қор

Ұқсас жаңалықтар

Сәкен Иманасов-Ойладың ба?

Redaktor Site

Иттің достығы

Redaktor Site

Бектұров Әбікен Бектұрұлы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz