Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
Мәдениет

Сәбит Дөнентаев

Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей облысының Кереку уезiнiң Ақсу болысында туған. Әкесі Дөнентай кедей еді. Руы Арғын ішінде Бәсентиін.1907 жылы Маралды деген жердегі Жалемеддин деген татар медресесінде Нұралы деген молдадан төте жазу әдісімен оқып, білім алған. Осыдан кейін Павлодар қаласының жанындағы Қасым Қажы Ертісбаевтың медресесінде оқыды.

Мұғалімдер семинариясында оқып білім алған кезі Сәбит үшін сәтті де жемісті болды. Семинария шәкірттері Ж.Аймауытов, М.Әуезов Алаш үкіметінің астанасы болған Алаш қаласында (Семей қаласының қазіргі Жаңасемей бөлігі 1927 жылға дейін ресми түрде осылай аталған) «Абай» журналын 1918 жылы шығарды. Сол жылдары шыққан қазақ тіліндегі басқа басылымдармен салыстырғанда өресі биік болған журнал жұмысына семинарияда оқып жүрген С.Дөнентаев та белсене қатысты.

Сәбит Дөнентаевтың негізгі еңбек жолы өмірінің соңына дейін осы Семей қаласында өтеді. Семей қаласындағы облыстық газет қазіргі – «Семей таңы» газетіне қызметке тұрып, осында көптеген шығармалары жарық көрген.

Дереккөз: “Семей таңы” газеті

Ұқсас жаңалықтар

Алмас Темірбай

Redaktor Site

Кенжеғали Үсенбаев

Redaktor Site

Өмірге керек кеңестер

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты