Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
Мәдениет

Ғабиден Мұстафин

Ғабиден Мұстафин (1902 – 1985) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері. Жас кезінде ауылдағы молдалардан хат таныған, 1916 жылы Спасск зауытында табельщик болып істейтін Мауқымның Жүсібі дегеннен бір жыл орысша оқыды. Екінші жылы сол зауыттағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің төртінші бөліміне түскен. Алайда осы мектепті бітірген соң жазушының әрі қарай білім алуға мұршасы болмаған.
Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927) «Жыл құсы» журналында жарияланады. Тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» (1929) деген атпен басылып шықты.
“Қарағанды” романы 1952 жылы жарық көрген. Ғ. Мұстафиннің шығармасында бейнеленген оқиғалар отызыншы жылдарға жатады. Жазушының бұл кезеңге үндеуі кездейсоқ емес, соғысқа дейінгі бесжылдықтар – отызыншы жылдар – Қарағандының дамуындағы ең маңызды тарихи кезең болды.

Дереккөз: Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ұлы Қытай қорғаны

Redaktor Site

Жігіттерге өсиет

Redaktor Site
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты