Qazyr.kz порталы
Руханият

Спандияр Көбеев

С.Көбеев 1878 жылы 1 қазанда Торғай облысы Қостанай уезі Обаған болысына қарасты № 3 ауылда, Құрманбай өткелі деген жерде (қазіргі Қостанай облысының Меңдіқара ауданы Ақсуат аулында) дүниеге келген. Әкесі Көбей Жансүгіров мұсылманша хат таныған, өзі еңбекқор, қолөнерімен күн көрген. Шешесі Айтбоз қайратты, елге қадірлі жан екен.

1887 жылы Сауытбай байда мектеп ашылады. Бұл мектепті қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақыны және педагогі Ыбырай Алтынсарин ашқан еді. Жергілікті байлардың қарсылығына қарамастан, Спандияр Ы.Алтынсариннің көмегімен осы мектепке оқуға түседі. Бұл мектепке сол уақытта байдың балаларын ғана қабылдайтын. Ол 1892 жылы мектепті жақсы аяқтайды. Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін, Обағандағы орыс-қазақ болыстық мектебіне (1892-1895) оқуға түседі.

Бұдан кейін Қостанайдағы 2 кластық орыс.қазақ училищесінде (1895-1897) оқиды. Оқуын жақсы аяқтап, Орынбор мұғалімдер семинариясында жалғастырмақ болып өтініш жазады.

Ол ақын, ойшыл, нағыз ұстаз жəне өз халқының патриоты ретінде тəрбиелік идеяларды айтып қана қоймай, оларды іс жүзінде жүзеге асыра бастады.
С.Көбеев қазақ аулындағы надандық, өзге де керағар мінез-құлықты сынау, шенеу, әшкерелеу мақсатында Крылов мысалдарын аударған. Спандияр Көбеевтің ағартушылық, аудармашылық қызметі де осы негізде туды.

1910 жылы бұл аудармалар «Үлгілі тәржімә» деген атпен Қазанда ағайынды Каримовтардың баспасында басылды.

Дереккөз: “Қостанай таңы” газеті

Ұқсас жаңалықтар

Дін саласындағы өзекті мәселені қозғап, байқауға қатысыңыз!

redaktor_qazyr

Алма Ақылбайқызы-Қара сым

Redaktor Site

Баймұрат Кеңес — Ұғыныңдар, жігіттер!

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz