Qazyr.kz порталы
Руханият

Мұзафар Әлімбаев

Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған. ҚазҰУ-ді бітірген. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген. Соғыс жылдарында шығармалары республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.

Армиядан оралған соң (1948), «Пионер» журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956-1958 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. 1958 жылы «Балдырған» журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін журналдың бас редакторы болған.

Алғашқы кітабы – «Қарағанды жырлары» 1952 жылы басылып шыққан. Жүз сексен әнге өлең жазған. 70 төлтума және аударма кітаптардың авторы. Шығармалары 20 тілге аударылған.
Дереккөз: “Егемен Қазақстан” газеті

Ұқсас жаңалықтар

Мектептер туралы деректер

Redaktor Site

Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz