Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Шымкентте полиция есірткі зертханасын жойды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде есірткі заттарын дайындауға арналған зертхананы анықтады.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қаратау ауданының аумағында орналасқан үйді тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар, салмағы 2 тонна құрайтын прекурсорлар мен 11 келіден астам мефедрон табылып, тәркіленді.
Жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.
Атап өтейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі заттары тәркіленген, оның ішінде 20 кг синтетикалық есірткі.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтастық жігіт ауыл көшелерінің бойына қоқыс жәшіктер орнатты

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

admin_qazyr

Астана қаласындағы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz