Qazyr.kz порталы
Басты ақпарат

Алматыда ҰБТ — ға келген оқушы тест тапсырар алдын көз жұмды

Алматыда ҰБТ тапсыруға келген оқушы тест тапсырар алдын,субұрқақтың жанында көз жұмды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабар таратады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, 19 маусымда №185 мектептің түлегі студенттік қалашықта орналасқан «U-Future» компаниясының ғимаратына ҰБТ тапсыруға келген.

«Кешкі сағат 16:00-де ауа-райы өте ыстық болды. Ол тыйым салынған белгіге қарамастан субұрқаққа түскен. Өлім себебін бүгін медициналық сараптама тағайындайды. Алдын ала болжам бойынша екі себеп бар. Жүрегі тоқтап қалуы мүмкін немесе тоқ соққан болуы да мүмкін», — деді министр.

Министр тергеумен Алматы қаласының Бостандық ауданының полиция басқармасы айналысатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру жобасы іске қосылады

admin_qazyr

Қайрат Нұртастың анасы қамаудағы ұлы туралы айтты

redaktor_qazyr

Шымкенттегі “Қиял әлемі” саябағы сүрілуі мүмкін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz