Qazyr.kz порталы
Руханият

Ана туралы мақал-мәтелдер

Алты ұл тапқан ананы “ханым» десе болады.

Сыйласа білген адамды «жаным» десе болады.

***

Алып анадан туады,

Ат биеден туады.

***

Ана алақанының аясы,

Ақ шынардың саясы.

***

Ана ақылы ант, сөзі бал.

***

Ана ақылшы, ата үкімшіл.

***

Әке ақылы — бұлақ, Ана ақылы — шырақ, Аға ақылы — көмек, Іні ақылы — демеу.

***

Ата-анам бар болсын,
Аузы-мұрыны жоқ болсын. 

***

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма? 

***

Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы. 

***

Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады. 

***

Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.

***

Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

***

Ағайын — алтау,
Ана — біреу. 

***

Ана алақанының аясы –
Ақ шынардың саясы. 

***

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

***

Ананың сүті—бал,
Баланың тілі — бал.

***

Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа! 

***

Ана сүтін ақтамағанды
ешкім мақтамайды. 

***

Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар
Дерт қонбасын тілейді. 

***

Баласыз ана — гүлсіз алма.

***

Ананы сыйламаған, ел қамын ойламаған.

***

Ақ шашты ана:
«Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім — анам» дейді.

***

Ана — барлық көркемділіктің үлгісі.

***

Ата — арым, ана — дәрім.

***

Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.

***

Анасыз үй — көңілсіз күй.

***

Анасы бардың панасы бар,
Анасы жоқтың көз жасы бар.

***

Балаңа көңілің толмаса, кемшілікті өз басыңнан іздей бер.

Ұқсас жаңалықтар

Әңгіме

Redaktor Site

Қазақстанның темір жол вокзалдары және станциялары бойынша анықтама алу нөмірі

redaktor_qazyr

Бәйге

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz