Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.
***
Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,
Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,
Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.
***
Балалық шағы, патшаның тағы.
***
Ойнақтаған бала от басады.
***
Жылайын деген баланың үш күн бұрын көзі қышиды.
***
Өлер бала көрге қарай жүгіреді.
***
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала аш болам деп ойламайды.
***
Адам болар бала қонаққа үйір.
***
Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады.
***
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
***
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.
***
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
***
Ананың сүті – бал, баланың тілі — бал.
***
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
***
Ұл туғанда күн туар.
***
Бала тілі бал.
***
Бала, баланың ісі шала.
***
Болатын бала боғынан.
***
Баланы – жастан,
Қатынды – бастан.
***
Алты жасар бала алыстан келгенде,
Алпыстағы ақсақал сәлем берер.
***
Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
***
Балалы үйрек көлден кетпес,
Баласы жас елден кетпес.
***
Баланың сөзі батпандай.