Еңбексіз тапқан мал,
Есепсіз кеткен мал.
***
Берген алар, еккен орар.
***
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
***
Күн шыққан соң суарған суды
Күн жұтады.
Күн батқан соң суарған суды
Жер жұтады.
***
Бір тал кессең, он тал ек.
***
Мал семіз болса, төл егіз.
Жер семіз болса, дән егіз.
***
Еңбексіз өмір — сөнген көмір.
***
Ер дәулеті — еңбек.
***
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
***
Еңбексіз өмір жок.
Ауырсыз жеңіл жоқ.
***
Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды.
***
Атан түйе жүк астында қартаяр.
***
Түйір нан — тамшы тер.
***
Жері байдың — елі бай.
***
Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.
***
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
***
Малды тапқанға бақтыр,
Отынды алғанға жақтыр.
***
Мандайы терлемегеннің,
Казаны қайнамайды.
***
Ерте түрған әйелдің
Бір ісі артық,
Ерте тұрған еркектің
Ырысы артық.
***
Қолы қимылдағанның аузы қимылдар
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
***
Еге білсең, егін тасқа да бітеді.
***
Етікшіні балға мен біз асырайды,
Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.
***
Бәйгеден ат келмейді, бап келеді.