Адамгершілікке арналған үш сауал бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
***
Кішіпейілділік — кісінің көркі.
***
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
***
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
***
Жақсы ниет — жарым ырыс.
***
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз.
***
Су бермегенге, сүт бер,
Ақ ниетіңді білсін.
***
Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар ұят керек әр уақытта.
***
Адам болып туған соң,
Адам болып өлу лазым.
***
Ынсап, ұят, терең ой —
Асыл зейнет ойлап қой.
***
Адамшылық деген ұлы сөзді айта бергеннен көрсете берген жақсырақ.
***
Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.
***
Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.
***
Соймасымды соямын,
Сүйгенімнің көңілі үшін.
***
Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса төр көрінеді.
***
Жартыны жарып жеген
Татулықтың белгісі.
***
Жақсы көрер тамырдың,
Атын алма, тайын ал.