Тірлік,
Тірлік түбі бірлік.
***
Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.
***
Қырық кісі — бір жақ,
Қыңыр кісі — бір жақ.
***
Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.
***
Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді.
***
Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш — орман.
***
Ағайын тату болса — ат көп,
Абысын тату болса — ас көп.
***
Теңге — тиыннан,
Ынтымақ — ұйымнан.
***
Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар.
***
Күш — бірлікте.
***
Саусақ бірікпей —
Ине ілікпейді.
***
Ауыл болса — қауым бол.
***
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулықққа не жетер?
***
Біршілік болмай — тіршілік болмайды.
Ұйымдасқан ұтады.
***
Көнектен шошынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас.
***
Қол жұмылмай — жылынбайды.
***
Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
***
Бір кісінікі — мақұл.
Екі кісінікі — ақыл.
***
Төртеуі түгел төрге шығар.
***
Тірлік басқа болса да,
Тілек бір.
Бармақ басқа болса да,
Білек бір.
***
Итпен ит ырылдасса,
Тамағының тоқтығы.
***
Жігіт пен жігіт қырындасса,
Ынтымақтығының жоқтығы.
***
Құрама жиып ел өткен,
Құрақ жиып шөп еткен.
***
Ұйымдасқан ұтады.
Ынтымақтың арты игі.
***
Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол көптен тіле.
***
Бірлігі бар елдің,
Белін ешкім сындырмас.
***
Біріккен бітіреді,
Ұйымдасқан ұтады.
***
Саусақ ашылса қылдырық,
Жұмылса — жұдырық.
***
Кеңеспен шешкен шешімнің
Кемісі болмас.
***
Ынтымақ жүрген жерде —
Ырыс жүреді.
***
Адассаң, көппен адас.