Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Баланың дамуы қай кезде жүзеге асады?

Фото: freepik.com

Ғылым бала миының бүлдіршін жаста жылдамырақ дамитынын растайды. Бұл кезде дамуға жәрдемдесу баланың денсаулығы үшін, оның болашақта өмірде жететін жетістіктерінің кепілі бо- лып табылатын физикалық және ақыл- ой әлеуетін барынша анықтау үшін өте маңызды. Ата-аналар бұл жасқа үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Төменде баланың дамуына көмек беруге қатысты өзекті мәселелер туралы тек негізгі ақпараттар келтіріледі. Сондықтан Сіздің қосымша әдебиеттермен таныссаңыз және өз дәрігеріңізбен кеңескеніңіз дұрыс болады.
Әр балаға жеке көзқарас қажет. Есіңізде болсын, сіздің балаңыз – жеке тұлға және оның жеке көзқарасын құрметтеу, оның пікірлерімен санасу қажет. Ата- ана балаға өзін жақсы көретінін сезіндіре білуі керек, оны жиі еркелетуге тиіс; баламен қарым-қатынас жасаған кезде оның мүмкіндіктерін, сөйлеу және қабылдау деңгейін міндетті түрде есепке алу керек. Баланы жақсы мінез-құлқы үшін міндетті түрде мадақтау керек!
Баланың қоршаған ортаны қабылдауы, ойлауы, жады, елестетуі және тілі 3 жасқа дейін қарқынды түрде қалыптасады. Аталған дағдыларды дамытуға көмектесу толықтай ересектерге қатысты. Ата-аналар баламен туғаннан ба- стап жиі сөйлесуі керек, суретті кітапшаларды бірге оқып, бірге қарауы керек, музыка тыңдатуы керек. Баламен баяу, сабырмен және мейірім таныта отырып әңгімелесу қажет: бала сөйлеуді еліктеу арқылы үйренеді. Сондықтан ересектер баламен қарапайым дұрыс әдеби тілмен сөйлесуі керек. Баланың үлкендермен, құрдастарымен және қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі болуға тиіс.
6 айдан бастап балаға кітап оқып беру баланы дамытуға жәрдемдесудің ең жақсы әдісі. Кітап оқу сәбидің тәуелсіз болу сезімін күшейтеді және таңдау жасау қабілетін дамытады.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш — Түркістан пойызының жүру кестесі

redaktor_qazyr

Күріш арықтауға көмектеседі

redaktor_qazyr

Дұрыс тамақтанбасаңыз не болады?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz