Фото: freepik.com
Баланың бас шеңберінің өзгерістерін бақылау оның физикалық дамуына дәрігерлік бақылау жасаудың ажыратылмас компоненті болып табылады. Дені сау баланың басының өсуі оның миының өскенін көрсетеді. Туған кезде баланың бас шеңбері орташа алғанда 34-36 см болады. Бас шеңбері алғашқы айда неғұрлым тез (3-5 см) өседі. Бас шеңберінің орта- ша мәні 3-айда 40,5 см, 6 айда — 43 см, 12 айда — 46 см болады. 6 жастағы баланың бойы ере- сек адамның бойының 70%-ын құрайтын болса, осы баланың бас шеңбері ересек адамның бас шеңберінің 90%-ын құрайды. Баланың өсуі мен дамуы үздіксіз жүріп отырады. Әу баста баланың басы тез өседі. Алғашқы 6 айдан кейін кеуде шеңбері тез өседі. 9-12 айдан бастап аяқ-қолдары мейлінше тез өсе бастайды.