Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Теңіз шаяндары қалай жеуге жарамды болады?

Фото: freepik.com

Теңіз шаяны салмағы 5 кг дейін жететін ірі шаянтəрізділерге жатады. Теңіз шаянының денесі қатты сауытпен қапталған, астында түрі өзгертіліп бүктелген құрсағының астында шымшуыры жəне алты аяғы бар баскөкіректен тұрады. Жеуге жарамды еті артқы еті мен құрсағында болады, шикі күйінде сұрғылтым түсті іркілдек консистенциядан тұрады; қайнатқаннан кейін ол ақ түсті – талшықты болады. Теңіз шаяндары консервіленген, бөлінген, дайындалған жəне мүшеленген, қайнатылған мүшеленбеген жəне тірі күйінде əкелінеді.
Өңдеу: теңіз шаяндарын арқасын төмен қаратып, шымшуырлары мен аяқтарын даралайды, сауытын сындырады, одан етін, жарғақшасы мен шеміршегін алады; құрсақ бөлігін көтеріп, сауыттан ажыратады, кеуекті желбезектерін алып тастайды жəне ақ етін мұқият ажыратады (аспаздық инемен ажыратқан дұрыс). Асқазан бөлігін алу үшін сауыттың ауыз қуысын жарылғанша басады. Сауыттан шеміршектəрізді жарғақшасын мен қоңыр етті суырып алады.
Консервіленген банкілерді пайдаланбас бұрын, ішіндегісін шығарып, жарғақ қағазы мен пластинкасын алып тастайды, жұмсақ еттің тұтас тілімін қызыл бетінен, ұсақ ақ талшықтарынан ажыратады.
Теңіз шаяндарын салаттар, тартарлар, тіскебасарлар жəне екінші ыстық тағамдар жасау үшін пайдаланады.

Ұқсас жаңалықтар

redaktor_qazyr

Жас ана білуі керек кеңестер

Redaktor Site

Жақсы өмір сүруге арналған қарапайым қағидалар

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz