Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Осы оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

1 қыркүйек айынан бастап студенттердің шәкіртақысы артады.Премьер- Министр Олжас Бектенов 2024 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап колледж,университет студенттеріне арналған шәкіртақыны аттыру бойынша Үкімет қаулысына қол қойды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады.

Бакалавриат студенттерінің шәкірақысы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды.

Интернатурада оқитындарға шәкіртақысы 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады.

Магистранттар мен докторанттар шәкіртақысы 15%-ға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Енді Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн некеңізді тіркеуге өтінім бере аласыз

redaktor_qazyr

Ата-анасы мен бауырларынан айырылған ер адамға сот үкімі шықты

Redaktor Site

Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден Монтайтас ауылының тумасы Бақыт Төлтай алтын медаль жеңіп алды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz