Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Монтайтастағы ауыз су мәселесі бойынша аудан әкімдігі жауап берді

Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылындағы ауыз су мәселесі бойынша аудан әкімдігі ресми түрде жауап берді.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

“Қайырлы күн. Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округі, Монтайтас ауылындағы 25 көшенің 24 көшесі (96% пайыз) асфальттанған. Азаматша Абдирова Нұргүл Монтайтас ауылы Ақбидай көшесінің №8 үй тұрғыны. Аталған Ақбидай көшесі асфальттанған. Азаматша Абдирова Нұргүл айтып отқан жер Егемберді және Қ.Жұмжаев көшесінде орналасқан үйлердің жеке қосалқы шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскесі, яғни құрылыс заттарын, мал азықтық дақылдарын осы жол арқылы жұмыстарын жүргізеді. Аталған жер Монтайтас ауылының оңайлатылған бас жоспарына сәйкес жол асфальт жүргізуге арналмаған.

Монтайтас елді мекенін «Ақаба Сервис» ЖШС ауыз сумен қамтамасыз етеді. Елді мекенде екі дана жер асты су ұңғымасы бар. Екі ұңғымаға су сорғыш қондырғылары орнатылған. Қуаттылығы – 10 м 3/сағ. Маусым айында ұңғыманың қондырғысы істен шығып, екі күн жалғыз ұңғымамен ауыз су берілген. Бүгінгі таңда «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Монтайтас елді мекеніндегі ауыз су жүйелерімен ғимараттары күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Оның ішінде:

1.Жаңа жер асты ұңғымасын қазу және іске қосу.
2. Жаңа ауыз су жөндеу мұнарасын орнату.
3. Пайдаланудағы екі ұңғыманы құм мен батпақтан тазарту.
4. Ауыл ішілік су жүйесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
5. Ауыл ішіндегі термальді жер асты ұңғымасын іске қосып, ауыз суын пайдалану. (Сынама алынған, СЭС-тің қорытындысы бар)
Жоғарыда аталған жұмыстар аяқталып, толықтай іске қосылған жағдайда, Монтайтас елді мекені толықтай тәулігіне 24 сағ ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.”,-делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл 186 000 түлек мектеппен қоштасады

redaktor_qazyr

Көк туды «Шүберек» деген Сайрамдық тиктокер сотталды

redaktor_qazyr

Шымкент: Терезеден лақтырып жіберген сәби ауруханада көз жұмды

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты