Qazyr.kz порталы
ҚазірПайдалы кеңестер

Тағамға дәм беретін майлар қалай дайындалады?

Фото: freepik

Жасыл май. Ерітілген сары майға туралған көкті, лимон шырынын немесе араластырылған лимон қышқылын қосады, мұқият араластырады, пішін береді, салқындатады жəне турайды.
Бифштекске, антрекотқа, қуырылған балыққа ұсынады, бутербродтарды дайындау үшін пайдаланады.
Килеч майы. Килек сүбесін үгеді жəне ерітілген сары маймен мұқият араластырады, пішіндеп, салқындатады.
Қайнатылған картопқа, құймаққа ұсынады, бутерброттар, жұмыртқаға турама салу үшін пайдаланады.
Селедка майы. Таза селедка сүбесін жібітеді, еттартқыштан өткізеді, үгеді, ерітілген сары маймен қосады, жақсылап көпсітеді, пішіндейді жəне салқындатады.
Килеч майы секілді ұсынады.
Ірімшік майы. Ерітілген сары майды үккіштен өткізілген ірімшікпен немесе «Рокфор» ірімшігімен көпсітеді. .
Бутербродтарды дайындау үшін пайдаланады.
Қыша қосылған май. Ерітілген сары майды асхана қышасымен араластырады, көпсітеді, пішіндейді жəне салқындатады.
Бутербродтарды дайындау үшін жəне тағамдарды əрлеу үшін пайдаланады.
Шошқа етінің майы. Шошқа етін кесектерге кеседі, еттартқыштан өткізеді, үгеді, ерітілген сары маймен қосып, көпсітеді, пішіндейді жəне салқындатады.
Бутербродтарды жəне салқын тағамдарды дайындау үшін пайдаланады.
Авокадо майы. Авокадо жұмсағын елек арқылы үгеді, ерітілген сары майды, лимон сөлін, тұз, бұрыш қосып, мұқият араластырып, пішіндейді жəне салқындатады.
Қуырылған балыққа, қайнатылған макарондарға ұсынады.
Қызғылт май. Ерітілген қызыл майды томатты езбемен араластырады, көпсітеді, пішіндейді, салқындатады.
Бутербродтарды дайындау үшін пайдаланады.
Бұрышпен жəне тимьянмен зімбір майы. Зімбір тамырын тазалайды, ұсақ үккіште үгеді, сарымсақты ұсақтап турайды. Чили бұрышын көлденеңінен екіге бөледі, дəндерін алып тастайды, жилкаларын кесіп алады, ағын суда жуады, кептіреді жəне майдалап турайды. Ерітілген сары майға дайындалған зімбірді, сарымсақты жəне чили бұрышын қосады, мұқият араластырады, массаны тағамдық пленкаға салып, цилиндрді пішіндейді, салқындатады.

Ұқсас жаңалықтар

Актер Мадс Миккельсен қазақстандықтарға видео-үндеу жазды

redaktor_qazyr

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов  тұрғындарды 19 маусым – Қала күнімен құттықтады.

redaktor_qazyr

Енді Қазақстанда Яндекс индрайвер жүргізушілері 8 сағаттан артық жұмыс істей алмайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz